Алматыда базар өртеніп, бірнеше бутик жанып кетті

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Құтқарушылар қауіпсіздікті сақтау маңызды екенін ескертті / фото: Unsplash

20 тамызға қараған түні Алматы қаласында базар өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің таралуына жол бермегенін хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бейсенбі күні түнде мегаполистің Түрксіб ауданында Сүйінбай даңғылындағы базар аумағында қоғамдық тамақтану орындары орналасқан бутиктерде өрт шықты.

«Алғашқы бөлімшелер келген кезде бес бутикте ашық жалын байқалды. Өрт сөндірушілердің күшімен оттың көршілес үй-жайларға одан әрі таралуына жол берілмеді», – деп таратты ТЖМ.

Өрт сөндірілді. Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпегені хабарланды.

Министрлік кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Бір күн бұрын Арыстағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі жарылған.

Сондай-ақ оқыңыз