Маңғыстауда ер адам жоғалып кетті

Манғыстау облысында полиция мен жақындары Ақтөбе тумасы, 31 жастағы Жандарбек Сейілхановты іздестіріп жатыр. Бұл туралы Kursiv.Media жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам 15 тамыз күні кешке үйінен көлікпен шығып кетіп, содан бері қайтып оралмаған. Ұялы телефоны өшірулі тұр.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің ресми мәліметіне сәйкес, Сейілханов Жандарбек Бекбергенұлы 1995 жылы туған. Бесшоқы ауылындағы үйінен сағат 17:00-18:00 шамасында мемлекеттік нөмірі 259 AJS 04 болатын Toyota Camry автокөлігімен шығып кеткен. Жақындарының айтуынша, ол достарымен серуендеп, қайта оралуды жоспарлаған. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Сырт келбеті мен белгілері: бойы 170-175 см, дене бітімі орташа, шашы қара әрі қысқа, көзі қара немесе қою қоңыр. Үйден шыққанда үстінде ақ жолақты футболка, қоңыр шалбар және қара спорттық аяқ киім болған.
Полиция мен туыстары Жандарбек Сейілхановтың қайда екенін білетін немесе аталған автокөлікті көргендерден мына телефон нөмірлеріне дереу хабарласуды сұрайды: 102, +7 (7292) 46-50-02, +7 (702) 814-13-00, +7 (707) 590-67-00.
Оқи отырыңыз: Семейде жоғалған екі бала іздестіріліп жатыр