Белгісіз біреу стендапер Ғалым Қалиақбаровты концерттен алып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Ticketon.kz

Белгісіз ер адам стендапер Ғалым Қалиақбаровты концерт беріп жатқан жерінен алып кетті. Оның бейнежазбасы «Айтпа, Ботагөз» телеграм арнасында жарияланды.

Видеода ер адам комиктің Астанада өтіп жатқан концертін тоқтатады. Ол жиынның заңсыз екенін айтады. Неге деген сұраққа әртіс боғауыз сөздер қолданған деп түсіндіреді. Бірақ жиналған қонақтар сахнада ешқандай дөрекі сөз айтпады дегеніне қарамастан, Қалиақбаров концертін тоқтатуға мәжбүр болған.

Соңында ол «кешірім өтінемін, билетті қайтармаймыз, 10 тәуліктен кейін жолығамыз» деп сахнадан түсіп кетеді.

Бұған қатысты Ғалым Қалиақбаров ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ, ІІМ Алматы әкімдігіне хабарласу керек деп жөн сілтеді. Әкімдік ешқандай пікір білдірген жоқ.

Оқи отырыңыз: Белгілі стендапер Ғалым Қалиақбаров ұзақ уақыт депрессияда болғанын айтты

Сондай-ақ оқыңыз