Тоқаев Мажарстан Премьер-министрін құттықтады  

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
REUTERS/Marton Monus, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

«Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады», – деп жазылған жеделхатта.

Президент қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін көптеген бағытта нығайта түсуге әрдайым бейіл екенін атап өтті.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.

Мұның алдында президент Нарендра Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз