Енді операторлар тарифтің қымбаттайтыны туралы 2 ай бұрын ескертуі керек

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
мобильді операторды ауыстыру қиындай түседі
фото: shutterstock

20 тамыздан бастап Қазақстанда байланыс операторларына, телефон сатушыларға және абоненттік нөмірлерді тіркеуге қатысты жаңа талаптар күшіне енді.

Енді егер оператор тариф бағасын көтермек болса, бұл туралы абонентке кемінде 60 күн бұрын ескертуге міндетті. Хабарлама абонент нөміріне SMS түрінде келуі тиіс. Сонымен қатар бағаның өсетіні туралы ақпарат оператордың ресми сайтында да жариялануы керек. Бұрын бұл мерзім 30 күн болатын, ал енді баға өзгергенге дейін абонентке екі ай уақыт беріледі.

Тағы бір талап белгілі бір мобильді қосымшаларды пайдалануға қатысты. Операторлар әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар деп танылған қосымшаларға тәулік бойы тегін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай қосымшалардың нақты тізімін министрлік бөлек бекітеді. Алдын ала тізімге eGov, eGov Business, eOtinish және Aitu енгізілген. Яғни бұл сервистерді пайдаланғанда интернет-трафик ұсталмайды және ақша алынбайды.

Сондай-ақ енді сатушылар телефонды сатпас бұрын оның идентификациялық кодын арнайы база арқылы тексеруге міндетті. Бұл құрылғының бұғатталмағанын немесе басқа да шектеулердің жоқтығын тексеру үшін жасалады. Оған қоса, сатылған смартфонның IMEI-коды сатып алуды растайтын құжаттарда міндетті түрде көрсетілуі керек.

Оқи отырыңыз: Beeline, Kcell, Altel тарифтерін 20%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр

Сондай-ақ оқыңыз