Қытайдың ең бай адамының бірі өмір бойына сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Reuters

Қытай соты елдегі ең бай адамның бірі, миллиардер Хуэй Ка Янды өмір бойына соттады. Бұл туралы Reuters жазады.

Кәсіпкер Ка Ян Evergrande Group атты құрылыс компаниясының негізін қалаған. Осы жылы көктемде оған қаражатты тиімсіз жұмсады, капитал тарту кезінде алаяқтық жасады және мемлекет мүлкін заңсыз иемденді деген айып тақты. Миллиардер бар кінәсін мойындады.

Шэньчжэнь қаласының соты миллиардерді өмір бойына бас бостандығынан айырып, барлық мал-мүлкін тәркілеу деген шешім шығарды. Ал оған тиесілі Evergrande Group компаниясына 8,82 млрд юань немесе 1,31 млрд доллар айыппұл салынды. Еншілес компаниясы Hengda Real Estate тағы 7 миллиард юань айыппұл төлеуі керек. Ка Янның орынбасарларына да айыппұл салынып, алты жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Evergrande компаниясының күйреуі Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыстың біріне айналды. Кезінде елдегі ең ірі құрылыс компаниясы болып саналған бұл ұйым 2021 жылдан бері қарыздарының басым бөлігін төлей алмай келеді. Оның жалпы қарызы шамамен 300 миллиард долларға бағаланады.

Оқи отырыңыз: Қытай миллиардерлер саны жағынан АҚШ-ты басып озды

Сондай-ақ оқыңыз