Жеке сот орындаушылары топтасып алып, құмар ойынға 180 миллион теңге салып жіберген

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңседе құмар ойын ойнап келген. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады.
Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды.
«Жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді», делінген Алматы облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.
Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілген.
Бұған дейін, Алматыда 4,2 млн теңге жымқырған жеке сот орындаушы ұсталған.