Елена Рыбакина осы аптада әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина выиграла у Тейлор Таунсенд на старте американского тысячника
фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің 1-ші ракеткасы атануға тамаша мүмкіндік алды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Мұндай мүмкіндікті Рыбакинаға рейтинг көшбасшысы Арина Соболенконың Цинциннати турниріндегі жеңілісі сыйлады.

Жарыстың 1/8 финалында белоруссиялық теннисші Чехия өкілі Сара Бейлекке (WTA: 35) 6:7 (7:9), 4:6 есебімен жол беріп, турнирді ерте аяқтады. Бұл сәтсіздік Рыбакинаға Соболенконы басып озуға жол ашып отыр. Енді Еленаға әлемнің 1-ракеткасы атану үшін небәрі екі жеңіс қажет. Егер ол Цинциннатиде финалға шықса, Аринадан 1 ұпайға озып кетеді, ал турнир чемпионы атанса, басымдығын 351 ұпайға дейін арттырады.

Еске сала кетейік, 1/8 финалда Елена Рыбакина ресейлік Диана Шнайдерді жеңген болатын. Ал жартылай финалдың жолдамасы үшін ол әлемнің 5-ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекпен кортқа шығады.

Цинциннатидегі «WTA 1000» турнирінің жеңімпазы 1000 рейтинголық ұпай мен 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржылай сыйақыға ие болады.

Сондай-ақ оқыңыз