Ұлдана Мырзуанның әпкесі 20 млн теңге төңірегінде дау қалай басталғанын түсіндірді
Жарияланды

Астанада Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. Марқұмның әпкесі Ақнұр Мырзуан әкімдік тарапынан берілген 20 млн теңге төңірегіндегі дауды түсіндірді.
«Ақша мәселесін көтермейтін едік. Ол тарап (Әділет Зейнел – ред.) жоқ несиені «бар» деп, «ақшаны қайтарыңдар» деді. Біз 20 млн теңгені ұмытып та кеткен едік. Ақша туралы аузымызды ашпадық. Жоқ несиенің ақшасын сұрағаннан кейін қарыздың бар-жоғын анықтадық», – дейді Ақнұр Мырзуан.
Айта кетейік, бұған дейін марқұммен заңды некеде болған Әділет Зейнел 20 млн теңгені қайда жұмсағанын айтты.
Айтуынша, үш күн ішінде Ұлдана Мырзуанның атындағы автокөлік несиесін төлеген. Ұлдананың анасына 4,5 млн теңге берген. Қалған қаражатты құрбан шалуға жұмсаған.