«Қайрат» – «Андерлехт»: Еуропа лигасының ойының қайдан көруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: ФК Қайрат

Бейсенбі, 20 тамыз күні алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчында Бельгияның «Андерлехт» клубын қабылдайды.

«Қайрат» – «Андерлехт» кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Қайрат» биылғы халықаралық маусымды Чемпиондар лигасында бастаған болатын. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын (екі матч қорытындысы бойынша 4:1), екінші айналымда Кипрдің «Омониясын» (1:1, пенальти сериясында — 6:5) қапы қалдырды. Ал үшінші кезеңде Болгарияның «Левски» командасына жол беріп (0:2), Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне ауысты.

Бельгиялық клуб жарысты бірден Еуропа лигасында бастады. Екінші іріктеу кезеңінде Швецияның «Хаммарбю» ұжымын (4:2), ал үшінші кезеңде Грекияның ПАОК клубын (4:2) жарыс жолынан шығарды.

Екі ұжым арасындағы қарымта кездесу келесі аптада Бельгияда өтеді. Жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алса, жеңілген ұжым Конференция лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды.

Сондай-ақ оқыңыз