Halyk Bank әр жай акциясына 28,09 теңгеден дивиденд төлейді

Halyk Bank әр жай акциясына 28,09 теңгеден қосымша дивиденд төлейді. Дивиденд акционерлерге 7 қыркүйекке дейін аударылады. Бұл шешім акционерлердің кезектен тыс жиынында шығарылған.
Қор биржасына жолданған хабарламаға сәйкес, дивиденд алуға құқылы акция иегерлерінің тізімі жасалып, ақша есепшоттарына қолма-қол ақшасыз аударылады.
Бұған дейін Halyk Bank жай акцияға 301 теңгеден дивиденд төлеген болатын. Жалпы былтырғы қызметі үшін банк әр акцияға 58,19 теңгеден аудармақ.
Банктің 10,9 млн жай акциясы айналымда жүргенін ескерсек, акционерлерге қосымша 306,6 млрд теңге дивиденд төленбек.
Соның ішінде 189,8 млрд теңгесі 6,7 млрд дана жай акциясына иелік ететін «АЛМЭКС» холдингінің еншісіне тиеді. Ал холдингтің түпкі иесі – Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Қалған 35% акция KASE, AIX және LSE биржаларында еркін айналымда саудаланады.