Маңғыстауда жоғалған жігітті дронмен іздестіріп жатыр

Маңғыстауда жоғалған 31 жастағы Жандарбек Сейілханды дрон көмегімен іздестіріп жатыр. Бұл туралы Lada.kz жазады.
Жандарбектің туыстарының сөзінше, оны әлдебіреулер Шетпеден көрдік деген хабар тараған. Сондай-ақ Жетібайдағы жанар-жағармай бекетінің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Осыдан кейін олар Шетпеге де, Жетібайға да барған, бірақ ол жақтан табудың сәті түспеді. Қазір іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Құтқару операциясына дронды да қосты. Жоғалған жігіттің туыстары аумақты аралау үшін тікұшақты іске қосуды да сұрап отыр.
Еске салайық, Жандарбек Сейілхан 15 тамызда жоғалып кетті. Ол кешке үйінен көлікпен шығып кетіп, содан бері қайтып оралмаған. Бойы ұзын, дене бітімі орташа, шашы қара әрі қысқа. Үйден шыққанда үстінде ақ жолақты футболка, қоңыр шалбар және қара спорттық аяқ киім болған.
Полиция мен туыстары Жандарбек Сейілхановтың қайда екенін білетін немесе аталған автокөлікті көргендерден мына телефон нөмірлеріне дереу хабарласуды сұрайды: 102, +7 (7292) 46-50-02, +7 (702) 814-13-00, +7 (707) 590-67-00.