Алдағы онжылдықта Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі 40%-ға азаяды

ExxonMobil компаниясы 2035 жылға қарай Теңіздегі мұнай өндіру көлемі тек төмендей беретінін айтты. Келесі жылы мұнай өндіру көлемі өз шыңына шығып, кейін 2035 жылға қарай тәулігіне шамамен 500 мың баррельге дейін, яғни 40 пайызға дейін қысқарады.
Bloomberg басылымының жазуынша, енді ExxonMobil компаниясы Теңіздегі өндірістің азаю әсерін жұмсарту үшін Қашағандағы жаңа мұнай жобасына миллиардтаған доллар инвестиция салмақ.
Басылымның мәліметінше, Exxon компаниясы Қашағанның батыс бөлігін бірлесіп игеруді ұсынып, жобаға шамамен 80 миллиард доллар инвестиция салуға дайын екенін айтты. Алайда компания бұл ұсынысты бір шартпен ғана айтып отыр. Олардың пікірінше, мемлекет NCOC инвесторымен арадағы 150 миллиард долларлық арбитраждық дауда келісімге келуі тиіс. Сондай-ақ мемлекет 5 миллиард долларлық экологиялық айыппұлды өндіріп алудан бас тартуы қажет. Егер осы шарттар орындалса, кеніштің әзірге игерілмеген бөлігі Қазақстанға тәулігіне 600 мыңға дейін жаңа баррель мұнай беруі мүмкін.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов ExxonMobil ұсынысы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан
Кен орнында өндіріс көлемі рекордтық деңгейде болғанымен, бұл алып кеніш техникалық ақаулар мен геосаяси қиындықтар алдында осал күйінде қалып отыр. Соның салдарынан «Теңізшевройл» өндірісті уақытша төмендетуге мәжбүр болады.
Тіпті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осындай себептерге байланысты Теңіздегі өндіріс 14,7%-ға қысқарды.