Алматының бірнеше ауданында жарық өшті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматының бірнеше ауданында жарық өшті / Фото: Shutterstock

20 тамыз күні кешке Алматының кейбір аудандары қайтадан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Алатау жарық компаниясының» апатты өшірулер картасындағы мәліметке сәйкес, сағат 16:20-дан бастап Алмалы ауданында Тұркебаев көшесі – Райымбек даңғылы – Розыбакиев көшесі – Бөгенбай батыр көшесі аралығында электр жарығы жоқ.

18:10-да Сейфуллин – Жұмабаев – Сельская – Беспаков көшелері аралығында жарық өшті.

19:10-да Сериков, Омаров көшелеріндегі және Құлагер шағынауданындағы кейбір үйлердің тұрғындары да электр қуатынсыз қалды.

azhk.kz сайтындағы электр энергиясының апатты өшіру картасы

Өшіру себептерін мамандар анықтап жатыр. Электрмен жабдықтауды үш сағат ішінде қалпына келтіруге уәде берілді.

Сондай-ақ оқыңыз