Астана әкімдігінің білім беру грантын иеленгендер тізімі шықты

Астана әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Гранттар жоғары оқу орындарына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға бөлінді. Оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Астана халықаралық университеті, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Esil University бар.
Грант алушылар педагогикалық мамандықтар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен көлік қызметтері мамандықтары бойынша білім алады.
Бұдан бөлек, Астана медицина университетіне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін де гранттар бөлінді.
Елорда әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің толық тізімін осы жерден көре аласыз.
Айта кетейік, мемлекеттік грант бұйырмаған абитуриенттер үшін жоғары оқу орнына түсудің балама жолдары бар.