Мектеп жәрмеңкесі: Астанада балаларға оқу құралдарды қайдан арзан алуға болады

Жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Астананың барлық ауданында 1-31 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрғындарға кеңсе тауарлары мен мектепке қажетті заттарды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді. Бұл туралы Kursiv.Media Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, жәрмеңкелерге күн сайын 200-ден 400-ге дейін адам келіп, оқу жылына қажетті тауарларды сатып алып жатыр.
Мектеп жәрмеңкелері қайда өтеді
Жәрмеңкелер әр демалыс сайын елорданың бірнеше сауда орнында жұмыс істейді.
Сарыарқа ауданы
- «Рахмет» СОО, Н. Тілендиев даңғылы, 15.
Нұра ауданы
- «Magnum» супермаркеті, Тұран көшесі, 55Д;
- «Era bazary», Қорғалжын тасжолы, 96.
Алматы ауданы
- «Гүлжан» СҮ, Абылай хан даңғылы, 34;
- «Астана Молл» СОО, Тәуелсіздік даңғылы, 34.
Сарайшық ауданы
- «Жібек жолы» СОО, А. Байтұрсынов көшесі, 34;
- «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26.
Байқоңыр ауданы
- «Аймақ-Тау» СҮ, С. Сейфуллин көшесі, 45/1.
«Мектеп жәрмеңкелері тұрғындарға жаңа оқу жылына қажетті тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті қала әкімдігі.
Мұқтаж отбасыларға қалай көмектесуге болады

Астанада мектеп жәрмеңкелерімен қатар «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы да өтіп жатыр. Оның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу.
Ол үшін бірқатар ірі сауда орындарына арнайы жәшіктер қойылған. Қала тұрғындары оларға мектепке қажетті кеңсе тауарларын, оқу құралдарын және басқа да керек-жарақтарды қалдыра алады.
Қай жерде көмек жинайтын жәшіктер бар
- Нұра ауданы – «Сарыарқа» СОО, Тұран даңғылы, 24;
- Байқоңыр ауданы – «Аймақ-Тау» СҮ, С. Сейфуллин көшесі, 45/1;
- Сарайшық ауданы – «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;
- Алматы ауданы – «Аружан» СОО, І. Жансүгіров көшесі, 8/1.
Тағы да оқыңыз: 50%-ға дейін жеңілдік: оқу құралдарын қай жерден арзанға алуға болады