Демалыс күндері жаңбыр жауып, +39 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктері 22-24 тамызға ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес елдің басым бөлігінде жаңбыр жауса, кей өңірлерді аптап ыстық сақталып отыр.
Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай әкеледі. Кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Ал Қазақстанның батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Соның нәтижесінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Бұған дейін «Қазгидромет» күзде ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялаған еді.
Синоптиктер болжамына сәйкес, қыркүйекте елдің басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болса, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облысында жылырақ болады.