«Маша мен Аю» мультфильміне тыйым салынады – Зеленский

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
«Маша мен Аю» мультсериалынан кадр / бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Украина президенті Владимир Зеленский «Маша мен Аю» мультсериалының авторларына ресейшіл нарративтерге байланысты санкция енгізді.

DW ақпаратына қарағанда, олар «балаларға арналған контенттің астарына жасырылған» деп түсіндірілді.

Бұл туралы тиісті жарлық Украина мемлекеті басшысының ресми сайтында 20 тамыз, бейсенбі күні кешке жарияланды. Шектеулер сериалды жасаған «Анимаккорд» студиясына және бес ресейлік азаматқа, соның ішінде студияның негізін қалаушысы әрі бас директоры, сценарий авторы және туындыға құқық иесіне қатысты енгізілді.

Жарлықта «Маша мен Аю» мультсериалы елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні көрсетілген. Себебі онда «балаларға арналған контент ретінде бүркемеленген ресейшіл нарративтер» таратылады.

Ал Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна 2026 жылдың маусымында «Маша мен Аю» мультфильмі «Кремльдің жұмсақ күшінің бір бөлігі» екенін мәлімдеген.

Айта кететін жайт, желтоқсан айының басында Қазақстан кинотеатрларында көрсетілген «Маша мен аю» 15 млн теңге касса жинаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз