Актриса Жанель Мақажан жолдасынан бөлек кеткенін айтты

Жарияланды
фото Инстаграм желісінен

Актриса Жанель Мақажан күйеуі Абай Асылханнан бөлек кеткенін айтты. Ол инстаграм парақшасында әсерлі стористер жариялап, көпшілікті ойландырып қойды.

«Еріңе сенбе, екі босағаңа сен» деген қазақтың нақыл сөзін енді толық түсінгендеймін. 1 айдай болды, 4 балам жанымда. Оған дейін екі кішкентай 1 ай әкесінде болған. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен. Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көштім. Қиындықтар бітіп келеді. Алдағы уақытта бөлісемін. Кішкентайлармен көшуден шаршадым. Өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға, өзіңе сеніп өмір сүр! «Үй ал, дамы, бала-шағамен жағдай жаса» дедім өзіме», – деп жазды актриса.

Осыдан кейін оқырмандары Жанель Мақажан айырылысып кетті деген болжам жасап жатыр. Қызығы ол парақшасында жолдасымен бірге түскен видеоларын, суреттерін де өшіріп тастаған. Осыдан екі ай бұрын ғана актриса күйеуі Абай Асылханмен бірге тойға шығатынын айтып, жарнама жасаған еді.

Жанель Мақажан – белгілі қазақстандық актриса. Жақында ол басты рөлдің бірін сомдаған «Дала» атты картинаның тұсауы кесіледі. Оның жолдасы Абай Асылхан да актер, бірнеше танымал сериалдарға түскен.

Оқи отырыңыз: «Той жүргіземіз»: актриса Жанель Мақажан орамалын шешті

Сондай-ақ оқыңыз