Докторанттардың стипендиясы екі есе өседі

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
фото: shutterstock

Қазақстанда докторанттардың стипендиясы алдағы 3-4 жылда екі есе ұлғайтылмақ. Бұл туралы Астанада өткен форумда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Министрдің айтуынша, бұған дейін де докторанттардың стипендиясы екі есе өскен болатын.

«Қазір докторанттардың стипендиясы айына 252 мың теңгені құрайды. Біз оны алдағы үш-төрт жыл ішінде тағы да екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр Қазақстанда «Индустриалды PhD» бағдарламасы іске қосылғанын еске салды. Енді жас ғалымдар өндірістен қол үзбей, жеңілдетілген форматта үш жыл ішінде PhD дәрежесін ала алады.

Еске сала кетейік, енді докторантураны грантта оқып бітіргендер мектептерде немесе басқа да білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс мерзімін өтей алады.

Сондай-ақ оқыңыз