“Ертіс” клубының бас бапкері қызметінен кетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
«Ертіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті / Фото: Ертіс

«Ертіс» футбол клубының парақшасында бас бапкер Марат Еслямовтың ресми үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Марат Еслямов өз еркімен «Ертіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткені атап өтілді. Сонымен қатар футбол функционері жанкүйерлерге бейнеүндеу жасады.

«Мен командадағы жұмысымды аяқтау туралы оңай емес шешім қабылдадым. Бүгінде бұл қадам команда игілігі үшін қажет деп санаймын. Бұл командаға жаңа серпін беріп, алға қарай қозғалысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Клуб басшылығына, облыс басшылығына сенім білдіріп, осында жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын», – деді Марат Еслямов.

Еске салайық, Марат Еслямов 2026 жылғы 1 шілдеде «Ертіс” ФК бас бапкері ретінде таныстырылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз