«Барни үшін жанжал шығарған»: марқұм Мадина Рашидқызының күйеуі қазір қайда жүр

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің аға журналисі
Меркі ауданы, Қызыл қыстақ ауылы / фото: Kursiv.Media / Айгерім Таубай

Қазасы қоғамда резонанс тудырған марқұм Мадина Рашидқызының күйеуі Мадияр Айтмырзаның қазір қайда екені белгілі болды.

Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Андас батыр ауыл округінің Қызыл қыстақ ауылында 19 жастағы Мадина Рашидқызы кенеттен көз жұмған болатын. Содан кейін оның «Барни» тәттісін жегені үшін күйеуінен таяқ жегені айтылды. Қайғылы жағдай болған ауылда қазір марқұмның күйеуі Мадияр Айтмырза өз үйінде жүр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қызыл қыстақ ауылына арнайы барған Kursiv.Media тілшісі Мадияр Айтмырзамен жолығып, жағдайға қатысты пікір білдіруін сұраған еді. Алайда ол бұл оқиғаға байланысты ешқандай түсініктеме бергісі келмей, ақпарат беруден бас тартты.

Сондай-ақ белгілі болғандай, ерлі-зайыптының 10 айлық сәбиі де қазір осы үйде, әкесі Мадиярдың қасында.

Қазір құзырлы органдар қайғылы оқиғаның толық мән-жайы мен нақты себептерін анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызы қайтыс болды. Жергілікті полиция өзін өлтіруге жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыз