60-тан астам елдегі қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс береді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілі
Оңтүстік Кореядағы елшілік таңғы сағат 3-те ашылды / фото: Қазақстанның Сеулдегі елшілігі

Әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі құрылды. Шетелде жалпы 11 мыңнан астам адам тіркелген.

Сыртқы істер министрі Арман Исетовтің мәлімдеуінше, шетелде жүрген азаматтардың Құрылтай сайлауында дауыс беру құқығы қамтамасыз етілді. 61 елде барлығы 11 402 қазақстандық тіркелді.

Сағат 08:00-дегі жағдайы бойынша, шетелде 26 сайлау учасесі ашылды. Алғашқы болып Токио мен Сеул қалаларындағы отандастар дауыс берді. Жапония мен Оңтүстік Кореяда сайлау учаскелері Астана уақытымен сағат 03:00-де ашылды.

Осы уақытқа дейін шетелдегі сайлау учаскелерінде 228 адам дауыс берген.

Сондай-ақ оқыңыз