Полиция сайлау учаскелерін тәулік бойы күзетеді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі
Полицейлер сайлау процесіне араласпайды / фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі парламент сайлауы өтіп жатқан күні елдегі жағдай тұрақты екенін, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмегенін мәлімдеді.

Министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, полицияның басты міндеті – дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ», – дейді Алекешов.

Ол полиция сайлау процесіне араласпайтынын атап өтті. Құзырлы мекеме қызметкерлері дауыс беру залына сайлау комиссиясының төрағасы шақырған жағдайда ғана кіре алады.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз