Тоқаев вице-президентті алдағы он күннің ішінде тағайындайтынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына кім келетіні келесі аптада немесе он күн ішінде белгілі болатынын айтты.
Президент құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Журналистердің бірі президенттен вице-президент лауазымы тағайындалғаннан кейін елде қандай өзгерістер болатыны жайлы сұрады.
Тоқаев бұл лауазым Қазақстанға аса қажет екенін айтты.
«Жұрттың бәрі вице-президент лауазымы туралы сұрап жатыр. Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде вице-президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын», – деді президент.
Сонымен бірге бұл лауазымға келетін адам халық арасында танымал болуы мүмкін.
«Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын», – деді Тоқаев.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді.