Әнші Аша Матай сайлауда дауыс берді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Әнші Аша Матай сайлауда дауыс берді
Әнші Аша Матай сайлауда дауыс берді / фото: instagram.com

Әнші, әрі актриса Аша Матай атымен белгілі Ақбота Асқарбекова құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол «Қазақстан Халық партиясы» атынан құрылтай депутаты болуға кандидат.

Аша Матай Құрылтай сайлауына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін оның айналасында қызу пікірталас өрбіді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды көмекшілерімен бірге дебатқа шақырған еді. Ал Матай өз кезегінде өзін дебатқа шақырғандарға жауап беріп, анасының «ер адаммен, ел ағасымен сөз таластыру жараспайды» деген тәрбиесін алға тартып, пікірталастан бас тартқан болатын.  

Бұған дейін Тамара Асар Құрылтай сайлауында дауыс беру үшін Астана қаласындағы №274 сайлау учакесіне барған еді.

Сондай-ақ оқыңыз