Нұрсұлтан Назарбаев құрылтай сайлауында өз үйінен дауыс берді
Жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Құрылтайы сайлауында дауыс берді. Бұл туралы оның ресми сайты хабарлады.
Хабарламада Назарбаевтың денсаулық жағдайына байланысты дауыс беру құқығын үйден іске асырғаны жазылды.
«Денсаулық жағдайына, жуырда жасалған омыртқа отасына байланысты Тұңғыш Президент өз дауыс беру құқығын үйінде іске асырды», — делінген хабарламада.
23 тамызда Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр.
Құрылтайға партиялық тізімдер бойынша барлығы 145 депутат сайлануы тиіс. Дауыс беруге жеті саяси партия қатысуда, сондай-ақ бюллетеньде «Бәріне қарсымын» деген нұсқа да қарастырылған.