Қазақстанда Құрылтай сайлауы аяқталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда Құрылтай сайлауы аяқталды
Қазақстанда Құрылтай сайлауы аяқталды / фото: Серикжан Ковланбаев

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылды. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті.

Қазіргі уақытта комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.

Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партияның кандидаттарын Құрылтай депутаттығына тіркеді. Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды. Осылайша, бір депутаттық мандатқа 4 кандидаттан келеді.

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауында сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші 72,15%-ды құрады. 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды.

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмыстарын бастады. 11 елде дауыс беру аяқталды.

Шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6007-сі дауыс берді.

Қазақстандықтар арасында ең соңғы болып Америка Құрама Штаттарының Сан-Францискодағы азаматтар дауыс бере бастады. Учаске Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де ашылды.

Сондай-ақ оқыңыз