Құрылтай сайлауында азаматтардың 74,19 пайызы дауыс берген

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Барлығы сайлауда азаматтардың 74,19%-ы дауыс берді
Барлығы сайлауда азаматтардың 74,19%-ы дауыс берді / фото: Серикжан Ковланбаев

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Сайлау заңнамасына сәйкес, учаскелердегі дауыс беру нәтижелерін шығару процесі 12 сағаттан аспауы керек.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрады.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректер келесідей:

1. Астана қаласы бойынша – 51,67%
2. Абай облысы бойынша – 81,41%
3. Ақмола облысы бойынша – 82,69%
4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%
5. Алматы облысы бойынша – 71,17%
6. Атырау облысы бойынша – 70,74%
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%
8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18
9. Жетісу облысы бойынша – 91,19%
10. Қарағанды облысы бойынша – 76,28%
11. Қостанай облысы бойынша – 76,47%
12. Қызылорда облысы бойынша – 90,75%
13. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%
14. Павлодар облысы бойынша – 71,20%
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%
16. Түркістан облысы бойынша – 92,16%
17. Ұлытау облысы бойынша – 70,72%
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%
19. Алматы қаласы бойынша – 43,23%
20. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланатын болады.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылды. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті.

Қазіргі уақытта комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.

Сондай-ақ оқыңыз