Қытайда қуаты 4,7 балл болатын жер сілкінісі тіркелді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Таразда тағы жер сілкінді
фото: shutterstock

24 тамызда Бейжің уақытымен сағат 08:26-да Қытайда жер сілкінісі болды. Дүмпу елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында, Ибинь қаласына қарасты Чаннин уезінде тіркелген деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Қытай сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) мәліметінше, жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,7 балды құраған. Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28,33 градусы мен шығыс бойлықтың 104,98 градусы координатасында орын алып, оның ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер немесе қираған ғимараттар туралы мәлімет жарияланған жоқ.

Оқи отырыңыз: Перуде қуатты жер сілкінісі болды

Сондай-ақ оқыңыз