Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтайға өтпеді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
коллаж: kursiv.media

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұсынылған ресми деректерге сәйкес, сайлауда Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) Құрылтайға өту үшін қажетті 5 пайыздық шектік межені еңсере алмады.

Партиялардың алған дауыстары мен пайыздары

Сайлаушылар тізіміндегі 12,6 миллионнан астам азаматтың 9,3 миллионнан астамы (74,08%) дауыс берген.

  • «Әділет» партиясы — 6 528 948 дауыс (71,17%)
  • «Ауыл» партиясы — 574 621 дауыс (6,26%)
  • «Respublica» партиясы — 509 631 дауыс (5,56%)
  • «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 478 083 дауыс (5,21%)
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 469 058 дауыс (5,11%)
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 285 395 дауыс (3,11%)
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 97 751 дауыс (1,07%)
  • «Бәріне қарсы» дауыс бергендер — 2,51%

Мәдениет өкілдеріне мандат бұйырмады

Сайлау алдында Қазақстан Халық партиясының тізімінде белгілі тележүргізуші Аша Матай мен танымал әнші Тамара Асар бар еді.

Алайда, сайлау заңнамасына сай, Құрылтайда мандат бөлісіне тек 5 пайыздан жоғары дауыс жинаған саяси ұйымдар ғана қатыса алады. ҚХП сайлаушылардың басым қолдауына ие бола алмай, межеден өте алмағандықтан, партия тізіміндегі кандидаттар бұл жолы Құрылтай депутаты бола алмайды.

Сондай-ақ оқыңыз