Түркістанда біреулер әйелдің үйіне басып кіріп, таңға дейін ұрып-соққан

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
В Алматы три студентки медколледжа избили несовершеннолетнюю
фото: shutterstock

Түркістан облысы, Ленгір қаласында белгісіз біреулер әйелдің үйіне кіріп, өлімші етіп сабаған. Облыстық полиция болған жағдайды растады, деп жазады Kursiv.Media.

Беті-аузы көгеріп, ісіп кеткен әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Видеода орта жастағы әйелдің кеудесі түгел қанға боялған.

Кейінірек Түркістан облыстық полициясы бұл іске қатысты қылмыстық із қозғалғанын хабарлады. Қазір полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатыр.

«Алдын ала мәліметін бойынша, түнде үйге белгісіз біреулер кіріп, жәбірленушіге жарақат салған, ұялы телефонын алып қойған. Қазір әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығыне еш қауіп жоқ. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», – деп жазылған хабарламада.

Оқи отырыңыз: Әйелін ұрғандарға қандай жаза қолданылады (видео)

Сондай-ақ оқыңыз