«Маңғыстаумұнайгаз» 70,8 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды 24 Тамыз 2026 15:46

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
«Маңғыстаумұнайгаз» 70,8 млрд теңге дивиденд төлейді/фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

«Маңғыстаумұнайгаз» 2025 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне 70,8 млрд теңге дивиденд төлейді. Мұндай шешімді компанияның жалғыз акционері 21 тамызда қабылдаған, деп хабарлайды KASE.

Бір жай және бір артықшылықты акцияға төленетін дивиденд мөлшері 650 теңге болып белгіленді.

Оның ішінде артықшылықты акция иелеріне 708,1 млн теңге 25 тамызда төленеді. Ал жай акцияларға тиесілі 70,1 млрд теңге 26 тамызда аударылады.

Жалпы дивидендке компанияның бөлінбеген пайдасынан 70,8149 млрд теңге жұмсалмақ.

«Маңғыстаумұнайгаздың» барлық жай акциясы Mangistau Investments B.V. компаниясына тиесілі. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ол компанияның 107,86 млн жай акциясын, яғни барлық орналастырылған акциялардың 99%-ын және жай акциялардың 100%-ын иеленеді.

Сондай-ақ оқыңыз