Қайтыс болған Мадина келін болып түскен отбасы туралы не белгілі

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Мадина Рашидқызы Меркі ауданында қайтыс болды/фото: Threads

Мадина Рашидқызы қайтыс болған Қызыл қыстақ ауылында мыңға жуық адам тұрады. Ауыл Меркі ауданындағы Андас батыр ауыл округіне қарайды. Қырғызстанмен шекарада орналасқан.

Ауылда небәрі екі көше бар, халық мал, егін шаруашылығымен айналысады. 

Мадинаның күйеуі Мадияр Айтмырза 2003 жылы туған. Отбасы бұл ауылда бұрыннан тұрады. Мадиярдың ресми жұмысы жоқ, құрылысшы болып жалдамалы жұмыстарды істейді. 

Мадиярдың әкесі кісі қайтыс болған жол апатына байланысты қамауда отыр. Ал анасы ауылдағы мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Мадияр үйінің үлкені, үш бауыры бар. 

Көршілерінің айтуынша, ауылдағы үйде Мадияр мен Мадина, анасы және 10 айлық сәбиі тұрған. 

Ауыл әкімі аппараты мамандарының сөзінше, Меркі ауданында зорлық-зомбылық құрбандары жүгіне алатын «Отбасы» орталығы ашылған. Мадина бұрын-соңды сол орталыққа жүгінбеген.

KursivMedia тілшілері отбасы тұрған ауылға арнайы барып, оқиғаның мән-жайын білуге тырысты. Алайда Мадияр Айтмырза іске қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Сондай-ақ оқыңыз