Kokzhiek City-дегі ажал: полиция пікір білдірді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

Алматыда Көкжиек ықшам ауданындағы құрылыс нысанында болған қайғылы оқиғаға қатысты қалалық полиция пікір білдірді.

16 тамызда кешке Алматыдағы Көкжиек ықшам ауданындағы құрылыс нысаны аумағында оқыс оқиға болған. 42 жастағы Бақытжан Нақыпбековтің сақтандыру белдігі үзіліп, ауруханада жан тәсілім еткен еді. Марқұмның артында кәмелет жасқа толмаған бес баласы қалды. Істің толық мән-жайын Kursiv Media мына жерде жазды.

Қалалық полиция осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталмыш дерек бойынша 16 тамызда Жетісу аудандық полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 272-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Міндетті түрде кінәлі азаматтар анықталып, олардың әрекетіне құқытық баға беріледі», – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз өкілі Салтанат Әзірбек

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда теміржол станциясының қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды

Сондай-ақ оқыңыз