Мұнайшылар жеті айда бюджетке 4,3 трлн теңге салық төледі

2026 жылдың алғашқы жеті айында мұнай компаниялары мемлекет қазынасына 4,3 трлн теңге салық аударған.
Бұл мемлекеттік бюджетке, республикалық бюджетке және Ұлттық қорға түскен барлық салық түсімдерінің 26%-ына тең.
Мұнай секторындағы салық төлемдерінің 80%-ын үш ірі жоба — ТШО, ҚПО және НКОК қамтамасыз еткен:
2026 жылдың қаңтар–шілдесінде бюджетке аударылған салық
жалпы салық төлемі
Energy monitor мәліметінше, жеті айда Қазақстанда былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,2 млн тоннаға аз мұнай өндірілген. Бұған Теңіздегі проблемалар, КҚК жұмысына қатысты қиындықтар және Қарашығанақтың шикі газын Орынбор газ өңдеу зауытында қабылдауға байланысты шектеулер әсер еткен.
Соған қарамастан, мұнай бағасының жоғары болуы салық түсімдерінің айтарлықтай қысқаруына жол бермеген.