Риддерде 13 жастағы қыз жолға тартылған арқанға соғылып қаза болды

Риддерде 13 жастағы қыз мотоцикл айдап келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып қаза тапты. Мотоциклде болған 15 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қайғылы жағдай 23 тамыз кешке қаланың жеке секторында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, жасөспірім тұрғын үй маңындағы бағанаға байланған жылқының арқанына соғылған. Мотоцикл жүргізген қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы шамамен сағат 17:30-да Вильгельм Пик және Грибоедов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлер мотоциклдің жүретін жолына тартылған кедергі болғанын айтқан. Оның нақты не болғаны әзірге анықталған жоқ.
Полиция бұл деректі алдын ала арқан деп көрсетіп отыр. Жылқының иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Риддер полициясы абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.