Шымкент мұнай өңдеу зауытында апатты жағдай болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Шымкенский НПЗ
ҚазМұнайГаз ресми арнасы, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шымкент мұнай өңдеу зауытында кернеу төмендеп, бір технологиялық қондырғы апатты түрде тоқтаған.

PetroСouncil ақпаратына сәйкес, бірнеше сағат бұрын Шымкент мұнай өңдеу зауытында KEGOC компаниясының 220 кВ желісінде кернеудің күрт төмендеуі болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, каталитикалық крекинг кешені апатты жағдайда тоқтаған. Қазіргі уақытта жедел персонал қондырғыны қайта іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалған қондырғыларды уақытылы қайта іске қосу арқылы жұмыс режимінде ұстап қалған.

Зауыт мәлімдемесі

Кейін зауыт тарапынан оқиғаға қатысты түсініктеме берілді. Кернеудің төмендеуі «KEGOC» АҚ-ның сыртқы 220 кВ электрмен жабдықтау желісіндегі ақауға байланысты болған. Электр энергиясының берілуі қалпына келтіріліп, бір технологиялық қондырғыны қайта іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Зауыттың өндірістік нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Оқиға мұнай өнімдерін тәуліктік өндіру көлеміне әсер етпеген. Өнімдерді жөнелту де қалыпты режимде жүзеге асырылуда.

Электр сырттан келеді

Зауыт электр энергиясын сыртқы электр желілерінен алады. Мұндай жағдайлардың салдарын зауытта орнатылған автоматика және апатқа қарсы қорғау жүйелері барынша азайтады.

Биыл ақпанда Қазақстан мен Қытай Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндіріс қуатын 12 млн тоннаға дейін кеңейту жобасын әзірлеуге кіріскен. Одан бөлек жылдық қуаты 10 млн тонна өнім шығаратын жаңа зауыт салмақшы

Сондай-ақ оқыңыз