Түнгі клубтағы төбелес кезінде екі адам пышақталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

23 тамыз күні таңғы сағат 5:00 шамасында Петропавлдағы «5/15» түнгі клубында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, төбелес кезінде екі адам жарақаттанған.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, екі қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жанжалға қатысушылардың бірі – 33 жастағы ер адам. Ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

2017 жылы төбелеске қатысып, сотталған. Ал 2023 жылы полиция қызметкерлерімен жанжалдасып, қайтадан сот алдында жауап берген.

Айта кететін жайт, Алматыда автобуста төбелес болып, ерегіс кезінде жанжалдасушылардың бірі қарсыласына пышақ ала жүгірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз