Латвияда құрастырылған су жаңа кеме Қазақстан құтқарушы флотын күшейтпек

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Латвияда құрастырылған су жаңа кеме Қазақстан құтқарушы флотын күшейтпек / Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы «Теңіз Жасағы» АҚ өкілдерімен бірлесіп, DAMEN Fast Crew Supplier 2710 үлгісіндегі жаңа көпфункционалды кемені қабылдап алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ТЖМ ақпаратына сүйенсек, кеме Латвия Республикасының Курессааре қаласында орналасқан DAMEN Workboats өндірістік алаңында арнайы құрастырылған.

Жаңа кеме Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында мынадай стратегиялық міндеттерді атқарады:

  • Жедел желі: Іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жоғары жылдамдықпен жүргізу;
  • Экологиялық қорғау: Теңізге төгілген мұнай өнімдері мен ластану салдарын жедел жою;
  • Қауіпсіздікті бақылау: Каспий акваториясындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету.

Соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің түсуі мен кейбір аумақтардың таяздануы кеме қатынасына үлкен қауіп төндіріп отыр. Таяз су салдарынан кемелердің қайраңға отыру жиілеп, бұл жағдайлар адам өмірі мен аймақ экологиясына елеулі кауіп келтіреді.

Латвияда жасалған заманауи кемені қатарға қосу — ТЖМ құтқарушыларына кез келген төтенше оқиға орнына сағат санап емес, минут ішінде жетіп, теңіз бен экология қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз