Қарағандыда кәріз қазу кезінде топырақ басып қалған жұмысшы аман қалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

ТЖМ құтқарушылары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында топырақ астында қалған ер адамды құтқарды.

112 kz ақпаратына қарағанда, кеше кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алды», – делінген ақпаратта.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Ал Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 127 адам эвакуацияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз