
Мұнай нарығында бірнеше күндік өсім тоқтады. Brent бағасы қайтадан 86 доллар шамасына түсті. Таяу Шығыстағы тәуекел бәсеңдеп, АҚШ-та мұнай қорының көбейгені нарыққа қысым түсірді.
Баға неге төмендеді?
Brent баррелінің бағасы шамамен 86,4 доллар, ал WTI 81 доллар шамасында саудаланып жатыр. Бағаның төмендеуіне Ормұз бұғазы төңірегіндегі жағдайдың біршама тынышталуы және АҚШ-та коммерциялық мұнай қорының бір аптада 4,2 млн баррельге өсуі әсер етті.
Brent мұнай бағасы онлайн
Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.
Нарық үшін басты белгісіздік әлі де Таяу Шығыс болып отыр. Аймақта жағдай қайта шиеленіссе, мұнай бағасы тез қалпына келуі мүмкін.
Қазақстан үшін басты тәуекел – КҚК
Қазақстан биылғы мұнай өндіру жоспарын 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін қысқартты. Энергетика министрлігінің мәліметінше, КҚК инфрақұрылымына жасалған шабуылдар салдарынан ел шамамен 3,5 млн тонна мұнай өндіру мүмкіндігін жоғалтқан.
Қазақстан мұнай экспортының 80%-дан астамы КҚК арқылы өтетіндіктен, Үкімет Баку–Тбилиси–Жейхан және Баку–Супса сияқты балама бағыттарды күшейтуге назар аударып отыр.