Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді/фото: Серикжан Ковланбаев

Президент «Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылдың 28 тамызы сағат 11-дe Астана қаласында өтеді.

Елде 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтті. Нәтижесінде бес саяси партия депутаттық мандатты бөлуге қатысады. 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) депутаттық мандаттарды бөлуге қатыспайды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында төмендегідей тәртіппен бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 110 мандат;
  • «Ауыл» партиясы – 10 мандат;
  • «Respublica» партиясы – 9 мандат;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат.
Сондай-ақ оқыңыз