Астанада республикалық тамыз конференциясы басталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Азамат Серікхан

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен республикалық тамыз конференциясы басталды. Ұстаздардың биылғы жиыны «Адам капиталы, білім, прогресс – халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналады.

Конференция жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру саласының қорытындысын шығарып, өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы кезеңнің басым бағыттарын айқындауға арналады.

Шара бағдарламасында «Білім болашағы» көрмесі, педагогтердің қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және білім саласының үздіктерін марапаттау рәсімі қарастырылған.

Дәстүрлі тамыз конференциясына ұстаздар, аудандық, қалалық және облыстық білім бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.  

Сондай-ақ оқыңыз