Ұлдана Мырзуанның басына кондиционер емес, темір құлады – жәбірленуші

Астанада Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот процесі өтіп жатыр. 26 тамыздағы сот отырысында жәбірленушілердің бірі Гүлнәр Қалиевадан жауап алынды. Оның айтуынша, марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның басына кондиционер емес, темір құлаған.
«Басына түскенін көрмедім. (Үйдің қасбеті) Құлағаннан кейін тұрып қарадым. Сол жерде темір түскенін көрдім. Ол кондиционер емес, темір тұрба» – деді жәбірленуші Қалиева.
Айта кетейік, қайғылы жағдай болған үй Астанада Тәуелсіздік, 24Б мекенжайында орналасқан. Екі нысан ортасында адам жүруге болатын жер болған. Сол арқылы тұрғындар үйдің екінші жағындағы дүкенге барған. 2025 жылдың 8 қарашасында үш адам сол жолмен жүрген кезде кірпіш құлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігімен Ұлдана Мырзуан мен Ділназ Байзақова барған.
Кірпіштен салынған үйдің опырылып түскен қасбетінің орны пенопласпен қапталған. Үй тұрғындары тоғыз айдан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегеніне наразы.