Астанада алғаш рет электрокөліктерді күн энергиясымен қуаттайтын станция іске қосылды

Астанада ТМД-дағы алғашқы электромобильдерге арналған автономды күн зарядтау станциясы іске қосылды. Станция толығымен күн энергиясымен жұмыс істейді.
Қазақстан green-tech шешімдерін бүкіл ел аумағында кең ауқымда енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ТМД-да алғаш рет электромобильдерге арналған толық автономды күн энергиясымен жұмыс істейтін зарядтау станциясының таныстырылымы барысында белгілі болды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта мұндай станциялар желісін ауқымды түрде кеңейту көзделіп отыр.
«Алатау» спорт кешенінің аумағында орналасқан жаңа жасыл хабты отандық «BOLASHAQ POWER» ЖШС әзірлеген. Нысан қалалық электр желісіне тәуелсіз (off-grid) жұмыс істейді. Ол қуаты 100 кВт күн электр станциясын және сыйымдылығы 645 кВт·сағ энергия жинақтау жүйесін біріктіреді.
Сонымен қатар жоба Қазақстанның Жасыл таксономиясының барлық талаптарына толық сәйкес келеді.
Осындай станциялар желісін дамыту Қазақстанға Париж келісімінің 6-бабы аясында сапалы климаттық жобалар портфелін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда электркөліктер мен гибридтер көп сатыла бастады