Geely электромобильдері 5 минутта зарядталады

Қытайлық ірі автоконцерн Geely электромобильдерге арналған 1000 В жоғары кернеулі электр жүйесін әзірлеп жатыр.
Қытай көліктерінің ақпаратынша, Бұл технология көлікті 10%-дан 80%-ға дейін 5 минутта зарядтауға мүмкіндік бермек. Осылайша компания BYD-дің жылдам зарядтау технологиясымен бәсекелесуді көздейді.
800 В жүйесін енгізілуде
Бұған дейін Geely көліктері зарядтау жылдамдығы бойынша BYD-ден асып үлгерген. Мәселен, 95 кВт·сағ батареясы бар Lynk & Co 10 10%-дан 97%-ға дейін небәрі 8 минут 42 секундта зарядталған.
Қазір Geely көптеген модельдеріне 800 В жүйесін енгізіп жатыр. Мысалы, Smart #1 электромобилінің зарядталу уақыты 10%-дан 80%-ға дейін 30 минуттан 12 минутқа қысқарды.
Жаңа жүйе Zeekr модельдерінде қолданылады
Компания 1000 В электр жүйесін дамыту үшін қуаты 1500 кВт-қа дейін жететін Zeekr зарядтау станцияларының инфрақұрылымын да кеңейтіп жатыр. Қазір Geely көліктері мұндай станциялардың толық қуатын пайдалана алмайды.
Алғашқы 1000 В жүйесі премиум Zeekr модельдерінде қолданылуы мүмкін. Мұндай көліктерді 10%-дан 80%-ға дейін 5 минуттан аз уақытта зарядтау жоспарланып отыр. Кейін технология Geely-дің бұқаралық модельдеріне де енгізілуі ықтимал.
Бұған дейін Geely лазерлік сенсор ақауына байланысты 93 мыңға жуық көлігін кері қайтаратыны хабарланған.