QR-төлем мен цифрлық теңге қызметтері қосылған құн салығынан босатылуы мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
QR-төлем қосылған құн салығынан босатылады / Фото: shutterstock

Қазақстанда QR-төлем, телефон нөмірі арқылы жасалатын аударым, электрондық ақша мен цифрлық теңге қызметтері қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылуы мүмкін. Бұл мәселе Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсе отырысында талқыланды.

Қазір мұндай салық жеңілдігі төлем картасымен жасалатын операцияларға ғана қолданылады. Бұл норма банк карталары ең кең таралған құрал болған шақта енгізілген еді.

Алайда соңғы жылдары еліміздегі төлем нарығы түбегейлі өзгерді. Халық арасында QR-кодпен төлеу, мобильді аударымдар жасау және цифрлық теңгені қолдану қарқынды дамып келеді. Тіпті QR-төлемдер POS-терминалдар арқылы жасалатын стандартты есеп айырысуларды басып озды.

Салық заңнамасына өзгеріс енгізіледі

Осыған байланысты қаржы реттеушілер қолма-қол ақшасыз төлемнің барлық түріне тең салық жағдай жасауды ұсынды. Өйткені жаңа төлем құралдары пайда болған кезде ҚҚС-тан босату жеңілдігі оларға автоматты түрде таратылмаған еді. Бұл ретте салық заңнамасын нақтылау үшін бастаманың экономикалық тиімділігін бағалау және жеңілдікке ілігетін операциялардың нақты тізімін белгілеу талап етіледі.

Сонымен қатар 2026 жылы төлем саласындағы заңнама жаңартылып, төлем карточкаларымен жасалатын операциялар ұғымы кеңейген болатын. Бұл жайт салық мәселесін қайта қарап, нақты шегін белгілеуді қажет етеді.

Вице-премьер Серік Жұманғарин заманауи төлем құралдарын дамыту идеясын қолдағанымен, ұсынылып отырған салық жеңілдіктері экономикалық тұрғыдан негізді болуы керегін баса айтты.

Осыған орай Қаржы министрлігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке мәселені қосымша зерттеу тапсырылды. Олар заң нормаларын нақтылап, бюджетке тигізер әсерін есептейді. Қаржы министрлігі қандай биджет шығыны цирфрлық теңгемен төленетінін нақтылайды. Осыдан кейін ған түпкілікті шешім қабылданады.

Жыл басынан бері ел тұрғындары 92,1 трлн теңгеге 7,1 миллиард рет қолма-қол ақшасыз төлем жасаған.. Қазақстандықтар күн сайын QR-кодпен 57,3 млрд теңгеге 11 миллион төлем өткізген.

Сондай-ақ оқыңыз