Тоқаев бірқатар басшыны қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті.
Дәл осындай президенттің Жарлығымен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Ербол Дәненұлы Адаев та Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Тоқаев бірнеше елде Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады.