US Open-2026: Елена Рыбакина кортқа шықпай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
US Open: Елена Рыбакина / фото: instagram

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайтында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қандай жағдайда әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Рыбакина US Open корттарына шықпай-ақ әлемнің №1 теннисшісі атануы ғажап емес. Ол үшін басты қарсыластары – Арина Соболенко, Джессика Пегула және Кори Гауфф турнирдің жеңімпазы атанбауы керек.

Рейтингтегі жағдай мен мүмкіндіктер

Елена Рыбакина

Турнир алдында ең тиімді позицияға ие. Рыбакина жартылай финалға жетсе, ешқандай қарсыласының нәтижесіне қарамастан 8681 ұпай жинап, әлемдік рейтингте көш бастайды. Тіпті ерте кезеңде ұтылған жағдайда да қарсыластарының сүрінуі арқылы бірінші орынға көтерілу мүмкіндігі бар.

Арина Соболенко

Бірінші орынды сақтап қалу үшін белорустік теннисші US Open-2026 турнирінде қатарынан үшінші рет чемпион атанып, Рыбакинаның жартылай финалға дейін сүрінгені қажет.

Джессика Пегула мен Коко Гауфф

Рыбакина ерте кезеңде жарыстан шығып қалып, америкалық теннисшілер Джессика Пегула мен Коко Гауффтің бірі турнирдің жеңімпазы атанса, бірінші орынға көтерілуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, Елена Рыбакинаның осы жазда Соболенкодан озып, бірінші орынға шығатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Торонтодағы турнирде финалға дейін жетсе, Цинциннатиде ширек финалда шығып қалған еді. Екі жағдайда Ига Швёнтекке жол берді.

Енді Нью-Йорктегі жарыста қазақстандық спортшы үшін WTA рейтингінің көшбасшысы атануға керемет мүмкіндік туып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз